ШҚО-да лауазымды қызметкер әскери қызмет уақытын шегеру үшін сарбаздардан пара алған

Өскемен қаласында шенді әскери қызмет уақытын шегеру үшін сарбаздардан бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлады Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме беріп. 

Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы жасақтау бөлімінің басшысына қатысты тергеуді аяқтады. Ол әскерге шақырылғандардан әскери мерзімді кейінге қалдырғаны үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді, — деді Арман Тілеукенов.

Qazaq.today

48