Әнші Мақпал Жүнісова Жаркентке бара жатқан жолда Шелек ауылына тоқтап, өңірдегі жағдай туралы баяндады.
Әнші жол бойынан бір асхана және дәретхана таппағанына ашуланды.
“Жаркентке жолға шыққан едім. Қарнымыз ашқасын жолшыбай кафеге кіргіміз келді. Бір жерде дәретхана жоқ. Оның өзі далада, түрінен шошисың. Әкімдіктері жабық тұр. Ғимараттың алды ғана тазаланған. Дәретханасы болса, кіріп-шығайық деп ойлағанбыз. Бірақ тарс жабық. Ауыл басшылары қайда қарап жүрсіздер?! Мен Шелекке барған жоқпын. Тек жолдың бойында болған соң тоқтап, асхана мен дәретхана іздедік. ”, – деп жазды әнші.
View this post on Instagram