«Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін»: Трамп тағы бір шулы мәлімдеме жасады

АҚШ президенті сопақ кеңсе отырып тағы бір шулы мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, жағдай ретелмесе Украина мен Ресей арасындағы соғыстың соңы дүниежүзілік қақтығысқа ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaq.today.

Ол өзінің мәлімдемесінде кезекті рет Путинді жақтап сөйледі.

«Путин бейбітшілікті қалайды десе сенемін. Путин Украинада қақтығыс бастағысы келмеген. Ол кез-келгеніміз істейтін нәрсені жасады. Олар Украинаны бомбалап-ақ қиратады. Шынымды айтсам, мен үшін Украинамен жұмыс істеу қиындап барады. Ал олардың қолында көзір жоқ, картаның бәрі Мәскеудің қолында. АҚШ Украинаны әуе қорғанысымен қамтамасыз етпейді, өйткені ол Зеленскийдің пайдалы қазбалар бойынша келісім жасағысы келетінін естігісі келеді. АҚШ-тың әскери қолдауды жалғастырыу оның келіссөздерге дайындығына байланысты», — деді Дональд Трамп.

Ол Еуропадағы оқиғаларды мұқият бақылап отырғанын айтты. Дональд Трамптың баспасөз мәслихатында айтқан сөзі әлемдік баспасөздерді тағы шулатты.

«Егер біз мұны шеше алмасақ, жағдай үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласуы мүмкін. Еуропа қақтығысты қалай тоқтатуға болатынын білмейді. Иран не АҚШ-пен ядролық қарусыздану туралы келісімге келуге мәжбүр болады немесе «жақында бірдеңе болады»», — деді АҚШ президенті.

Алдағы аптада Рубио (Марко Рубио, АҚШ Мемлекеттік хатшысы — ред) мен Украина делегациясы келіссөздерді жалғастыру, атысты тоқтатуға қол жеткізу және елге бейбітшілік орнату үшін Сауд Арабиясында кездеспек.

Путинді жақтап сөйлеген Трамп командасы Украинаны қиратып жатқан Ресейге қарсы ауқымды банктік санкциялар, бұғаттау мен тариф енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.