Шиеліде жол апатынан бір адам қаза тапты

Фото: Polisia.kz 

Полиция Қызылорда облысында  адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Биылғы жылы 13 тамызда Шиелі ауданында екі автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді, — деді Қызылорда облысы Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Рахымжан Сұлтанқұлов.