Шиеленіс күшейді: Қазақстан өз азаматтарын Украинадан кетуге шақырды

Қазақстан билігі Украинада жүрген ел азаматтарын кетуге шақырды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Украинадағы Қазақстан азаматтарының назарына!

Шиеленістің күшеюіне байланысты еліміздің Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.

Украинадан Қазақстанға жету үшін ел азаматтары жерүсті бағыттарын пайдалана алады: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі – коммерциялық әуе қатынасы арқылы.

Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда): +380673470408.