Үшеуі бала: Ақмола облысында жол апатынан 6 адам зардап шекті

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Осы жылдың 5 сәуірінде Степногорск-Азат-Ақкөл автожолының 22 шақырымында JAC және Subaru автомобильдерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. ЖКО нәтижесінде 6 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды. Зардап шеккендер арасында кәмелетке толмаған үш бала бар», — деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.