«Шетелге қашпадық»: Алматыда құрылыс компаниясының өкілдері дауға қатысты жауап берді

Бұған дейін желіде RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясы басшыларының шетелге активтерді шығарып, қашып кеткені жайлы ақапарт тараған еді. Әлеуметтік желілерде «компания банкроттыққа ұшыраудың алдында тұр, ал оның басшылары мен бизнес иелері Түркияға қашып кетті» деген мәлімдеме шыққан. Бұдан кейін салымшылар мен тұрғын үйдің иелері компанияның бас офисіне келе бастаған. Аталған даулы мәлімдемеден кейін құрылыс компаниясының басшылары БАҚ өкілдерімен ресми түрде кездесіп, жағдаға қатысты түсініктеке берді, деп хабарлайды Qazaq.today. 

«Мұның бәрі шындыққа жанаспайды! Біз штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз. RAMS QAZAQSTAN компаниясы өз қызметін 1997 жылдан бері жүргізіп келеді.  Компанияға келетін болсақ, оның Қазақстанда құрылғанын атап өткім келеді! Сондықтан да, RAMS QAZAQSTAN — қазақстандық Компания! Шетелдік жобалардың барын ескерсек те, біз өзімізді ең алдымен қазақстандық екенімізді ұмытпаймыз! Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Біздің Компания, бұл ең алдымен біздің баға жетпес қызметкерлеріміз! Жасап келе жатқан бүкіл қызмет кезеңінде компания шамамен 15 мың жұмыс орнын ашты. Біздің қызметкерлердің басым көпшілігі Қазақстан Республикасының азаматтары. Қазақстан нарығында жұмыс істеген 27 жыл ішінде 4 миллион шаршы метрден астам тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік пайдалануға берілді», — деді компания бас директорының орынбасары Джем Джиритджи.

Олардың сөзінше, компания баспана салу бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен тендерлерге қатыспайды, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік желілерін пайдаланбайды. Тек қана жеке қаражат тарту арқылы жеке тұлғалардан сатып алынған жер учаскелерінде құрылыс жүргізеді.  RAMS CITY тұрғын үй кешенінің екінші кезеңін тапсыру мерзімі және оның кешігу себебін жоққа ышғарған жоқ.

«Осы мәселеге анықтама берейік. Жасалған шарттарға сәйкес нысан ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде аяқталуы тиіс еді. Алайда, объективті де бізге байланысты емес себептерге байланысты мерзімдер мәжбүрлі түрде ауыстырылған болатын. Бұған дейін бірқатар фактор болды. Бұл — карантиндік режим және карантиннен кейінгі кезең, 2022 жылдың басында болған қаңтар оқиғасы, сондай-ақ көрші елдердегі қиын геосаяси жағдай, соның салдарынан біздің елімізге жабдықтар мен құрылыс материалдарын жеткізу мерзімдеріне әсер еткен логистикалық тізбектің бұзылуы орын алды.

Біз тұрғындарымызбен және клиенттерімізбен үнемі байланыстамыз және нысанды пайдалануға жеделдетіп беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. RAMS CITY тұрғын үй кешенінің екінші кезеңінің бірінші бөлігіндегі пәтерлердің кілттерін беру ағымдағы жылғы төртінші тоқсаннан бастап жоспарланған», — деді сату бөлімінің басшысы Александр Федоров.

Компания төңірегінде жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызғандарды заңгерлер сот арқылы шешпек.