Әуежайда шетелдік азаматтың мазасын алған такси жүргізушісі 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Qazaq.today.
«М. 2023 жылғы 21 мамырда Алматы қаласындағы халықаралық әуежайдың аумағында қоғамдық тәртіпті бұза отырып, Үндістан азаматы V-ға тасымалдау қызметтерін көрсету мақсатында мазасын алған. Сот отырысында М. жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайын растап, кінәсін мойындады және жасаған кінәсіне өкінетінін мәлімдеді»,-делінген Алматы соттарының ресми хабарламасында.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айыпталушы бұған дейін де ӘҚ Кодексінің 449-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Qazaq.today