Шетелдік Қазақстандағы дәретханалардың жағдайын сынады

Қазнетте Беларусьтен келген саяхатшының видеосы кең таралып жатыр. Ол Қазақстан трассаларындағы жол бойындағы дәретханалардың жағдайына көңілі толмайтынын ашық айтып, сынға алған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агентігі.

Бейнежазбада шетелдік қонақ Қазақстандағы сапарынан алған әсерімен бөлісіп, жанармай бекеттеріндегі дәретханаларды «саяхаттың басты кемшіліктерінің бірі» деп атаған.
Оның айтуынша, трасса бойында кездескен дәретханалардың басым бөлігі өте нашар жағдайда: антисанитария, сасық иіс, ең төменгі жайлылық талаптарының болмауы байқалады.

«Іштей бір қадам артқа шегінгің келеді. Бұл жай ғана қолайсыз емес – бұл сұмдық», – дейді беларусьтік саяхатшы видеода.

Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары бұл пікірге күтпеген реакция білдірді – көпшілік шетелдікті сынаудың орнына, керісінше, қолдау танытты.

«Егер сіз Беларусьте болған болсаңыз, оны түсінер едіңіз. Мен Минск пен Гроднода болдым – жолдағы дәретханалар біздегі сауда орталықтарындағыдай. Беларусьтен кейін тазалыққа деген көзқарасымды өзгерттім – алдымен өзімнен бастадым», – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Басқалар бұл мәселені тек тәрбие деңгейінде емес, инфрақұрылымдық тұрғыда да жүйелі шешу қажет екенін айтты:
«Басқа елдерде дәретханалар – ақылы әрі таза. 200–500 теңге төлеп, жақсы жағдайдағы дәретхананы пайдаланған дұрыс. Сонда еден жуушы да еңбекақысын алады», — деді ол.
Осы уақытта видео мыңдаған қаралым жинап, әлеуметтік желіде кең талқыланып жатыр.