Фото:golos naroda
Шерзат оқиғасымен жарты әлемге танылған Талғар қаласына жаңа әкім сайланды. Сайлаушылар тізіміне 42 774 азамат енгізіліп, олардың 12 875-і дауыс беруге қатысты. Үйден дауыс бергендер саны – 24, деп хабарлайды Qazaq.today.
Талғар қаласының әкімі лауазымына үш кандидат үміткер болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша келесі нәтижелер тіркелді:
Арыстанбек Абилхаирұлы – 9 071 дауыс;
Жанибек Каденов – 1 875 дауыс;
Әлібек Рамазанов – 1 140 дауыс;
«Барлығына қарсы» деген таңдау жасағандар саны – 182.
«Сайлау қорытындысына сәйкес, Талғар қаласының әкімі болып Арыстанбек Абилхаирұлы сайланды. Ол 1983 жылы туған, «Талғар тұрғын үй» ЖШС-нің директоры және Талғар қаласының тұрғыны», — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласында Шерзат бандылар қолынан қаза тапты. Шулы оқиғаның соңы Талғар қаласының әкімінен бастап, көптеген шенділердің қызметтен қуылуымен аяқталды.