Шерзаттың шері: Прокурор басты күдіктіні 23 жылға соттаушы сұрады

Айыптау тарабы сот отырысында басқа да сотталушыларға қатысты нақты жазалау шараларын талап етті:

  • Думан Ысқақ – ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі, 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру;
  • Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дархан Қалихамет, Шыңғыс Белғожаев – ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша кінәлі, әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Нұрқияс Ілиясов – негізгі жаза 7 жыл, бұрынғы өтелмеген жаза мерзімімен жалпы 9 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Азамат Тоқтаубаев – ҚР ҚК 290-бабының 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша кінәлі, 7 жыл жаза, басқа істермен біріктіріліп 15 жылға дейін;
  • Равиль Сәкиев – ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі, негізгі жаза 15 жыл, бұрынғы жазалармен жалпы 20 жылға бас бостандығынан айыру.