Танымал блогер Жан Ахмадиев Шерзаттың әпкесі туралы күтпеген бейне жариялады.
Оның айтуынша, Шерзаттың әпкесі оған видео жіберген. Бейнеде Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова Бауыржан Абдырахманов деген кісінің әлеуметтік желіде оның отбасына қатысты жалған ақпарат таратып, бірнеше мәрте ақпараттық шабуыл жасаған. Тіпті, інісінің өліміне де сол кісі қатысты деп айтқан.
Бақыт Реймова осы сөздерден соң, енді өзінің өліміне Бақытжан Абдырахманов кінәлі деп айтқан.
Осы бейне арнаудан кейін Бақыт Реймова Алматыдағы Райымбек даңғылындағы көпірге шығып, өз өмірімен қош айтысуға бел байлаған. Қуанышқа орай оны көшедегі полицей байқап қалып, оны құтқарып қалған.
«Сөз сүйектен өтеді демекші, бір адамның сөзі қаншама қайғы қасірет әкеле жаздады. Өзін «доктор» деген атпен танылған адамға бірнеше рет ескерттім. Алайда нәтиже жоқ. Егер Бақыт суицид жасаса, оның отбасының қарғысына қаламын деп ойламай ма екен. Менің миыма сыймайды, бұл азаматтың мақсаты не? Өзі де қайғыдан қан жұтып отырған отбасына неге кенедей жабысып алды», — деді блогер Жан Ахмадиев.