Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Талғарға ІІМ ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жеткізілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
13 қазанда ІІМ ұлттық ұланның баспасөз қызметі Талғар бақылауда екенін хабарлады.
«Қазір Алматы облысының Талғар қаласында ішкі істер министрлігі ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы қоғамдық тәртіпті қорғау үшін патрульдік қызметті атқаруға тартылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында азаматтардан жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.