Шерзаттың үйін өртегені туралы Берік Адамов: Қорғау адамға қойылады, нысанға емес

Шерзат Полаттың отбасына қорғау берілгеніне қарамастан, неге үй өртенгені туралы сұраққа Алматы облысының прокуроры Берік Адамов жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Оның айтуынша, қорғау туралы өтініш кешкі сағат жеті шамасында түскен, ал өрт түнгі бірлерде болған. Осыдан кейін көшені патрульдеу басталған.

«Алайда қорғау адамға беріледі, нысанға емес. Патрульдеу қайтыс болған баланың атасы тұрған үйдің маңында, яғни дүкен орналасқан жерде жүргізілді», — деді Адамов. Прокуратура өрт фактісін растады.

54