Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот онлайн өтетін болды (ВИДЕО)

Сот өкілдері ісі бойынша отырыс онлайн өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сот халықтың тілек-арызын басты назарда ұстап, алдағы уақытта процеске қатысты маңызды шешімдер қабылдамақ.

Қазіргі уақытта бұл іс Талдықорған қаласындағы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр. 9 адамға айып тағылған осы істің бірі – кәмелетке толмаған жасөспірім. Қылмыс орнынан шалғайда өтсе де, күдіктілер Талдықорғандағы уақытша оқшаулау изоляторында отырғандықтан, процесс осы қалада өтіп жатыр.

Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдалым 10 сәуірде басталды. Бұл күні тараптар алғаш рет сот залында кездесіп, істің мән-жайына қатысты маңызды сұрақтар қойылды. Айта кетерлігі, қайғылы оқиға 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында орналасқан дүкен маңында болған. Төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Болат ауыр жарақаттардан көз жұмған.

Тергеу жұмыстары барысында 40-тан астам сот-медициналық және криминалистикалық сараптама жүргізіліп, 200-ден астам куәгерден жауап алынған. Сонымен қатар, оқиға болған жердегі 8 бейнебақылау камераларының жазбалары да зерттелген.