Марқұм Шерзат Полаттың отбасының адвокаты Саида Тәуекелева қылмыстық іске қатысты сот отырысы наурыз айында басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Адвокаттың сөзінше, қазіргі уақытта тараптар іс материалдарымен танысып жатыр екен. Олар оны зерттеп болған соң соттың қашан басталатыны анықталады.
«Менің болжамым бойынша, сот наурызға дейін емес, наурыздың ортасында басталуы мүмкін. Өйткені бізде қылмыстық іске қатысушылар көп», – деді адвокат.
29