Шерзат Полат ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды

Марқұм Шерзат Полаттың қылмыстық ісі әлі де аяқталған жоқ, деп хабарлайды Qazaq.today.

2024 жылдың соңына дейін тергеу жұмыстары аяқталады деп күтілгенімен, процесс созылып келеді.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Талғарда орын алған кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Сонымен қатар, ұрлық, бұзақылық, қорқыту және қылмыс туралы хабарламау секілді қосымша сегіз қылмыстық іс қарастырылуда.

«Бұлтартпау шарасы ретінде істің 11 қатысушысы қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша процестік шешімдер қабылданады», – делінген Ішкі істер министрлігінің ресми хабарламасында.

Еске салсақ, 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласындағы төбелес кезінде бір жасөспірім қайтыс болған еді.