Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесінде тікелей эфир кезінде тәртіп бұзған техникалық қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Тікелей эфирдегі қателік — бейнежазба көпшілікке тарады
2025 жылғы 29 сәуір күні өткен сот отырысы онлайн трансляция арқылы көрсетіліп жатқан сәтте күдіктілердің бейнесі эфирден уақытылы алынбаған. Бұл олқылық техникалық қызметкерлердің қателігінен орын алған.
Соттың қызметтік тексерісі нәтижесінде Рүстем Муксинов, Назира Оразәлиева және Сәуле Қайдағұлова тәртіптік жазаға тартылды.
Судья бұған дейін блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына сот процесінің мазмұнын заңсыз таратуға болмайтынын ескерткен болатын.
Айып тағылған күдіктілер тізімі:
Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, сотталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша айыптар тағылған:
-
Абзал Шынасыл:
-
293-бап, 3-бөлік – Бұзақылық
-
99-бап, 2-бөлік (1,4,7,9,14-тармақтар) – Адам өлтіру
-
24-бап, 3-бөлік – Қылмысқа дайындалу және оқталу
-
-
Равиль Сәкиев:
-
293-бап, 3-бөлік – Бұзақылық
-
24-бап, 3-бөлік – Қылмысқа дайындалу және оқталу
-
99-бап, 2-бөлік (7,9-тармақтар) – Адам өлтіру
-
-
Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Азамат Тоқтаубаев:
-
293-бап, 3-бөлік – Бұзақылық
-
-
Кәмелетке толмаған Дидар Ысқақ:
-
434-бап – Қылмыс туралы хабарламау
-
Еске салайық, Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі қоғамдық резонанс туғызған істердің бірі болып отыр. Сот отырыстарының бір бөлігі тікелей эфирде көрсетілуде.