Бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында адвокаттардың бірі судья Ержан Жанұзақовты ауыстыру туралы өтініш түсірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша келесі сот отырысының жалғасы басқа судьяның қатысуымен 17:25-те басталды.
Күннің бірінші жартысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж.Әбенов төрағалық етіп отырған судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 87-бабының 11-бөліміне сәйкес, бір судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы қарайды.
Осыған байланысты шағымды соттың басқа судьясы – А.А. Беймбетов қарауға алды.