Шерзат Болат ісі: Судья мен прокурор куәгер жауабында қайшылықтар барын айтты

Шерзат Болаттың өлімі бойынша істі қарап жатқан судья Ержан Жанұзақов пен мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай оқиға орнында болған әйелдің сотқа дейінгі тергеу кезінде және сот отырысында берген түсініктерінің бір-бірімен сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпараттық агенттігі.

Бүгін өткен сот процесінде куәгер Эльмира Нұрбековадан жауап алынды.

Процесс барысында Нұрбекованың тергеу кезінде берген жауабы жазылған бейнематериал көрсетілді. Судьяның айтуынша, бейнематериал куәгердің әр кезеңде айтқан сөздері арасында айырмашылық бар болғандықтан ұсынылған.

«Бұл бейнематериал сотқа дейінгі тергеу кезінде алынған жауаптар мен қазіргі соттағы жауаптар арасында қарама-қайшылықтар бар екенін көрсету үшін көрсетіліп отыр», — деді судья Ержан Жанұзақов.