Шексіз біліміне тәнті болдық: Мұхтар Құл-Мұхамед қызының кезекті рет диплом алғанын Лондонда тойлады

Фото: Almaz Sharman Facebook парақшасы

Белгілі саясаткер, Қазақстанда ұзақ жыл түрлі лауазымды қызметтерді атқарған Мұхтар Құл-Мұхаммед қызының магистр дәрежесі дипломын алғанын Лондонда атап өтті. Оның қызы Гарвард, Оксфорд және Кембриджде білім алған тұңғыш, әрі жалғыз қазақ атанды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрі, экс-сенатор, Қазақстан Президентінің кеңесшісі болған Мұхтар Құл-Мұхамедтің қызы кезекті шетелдік оқу орнының дипломын алған. Дидар Құл-Мұхамед әлемдегі 3 бірдей TOP- университетінің түлегі атанды. Ол Гарвард, Оксфорд және Кембриджде білім алған алғашқы және әзірге тұңғыш қазақ қызы саналып отыр.

«Дидок, біз оны бала кезден осылай атаймыз (ред.- Дидар Құл-Мұхамед ) 12 жыл бұрын Джорджтаун, Гарвард, Колумбия сияқты АҚШ-тың бірнеше университетіне өзінің тамаша эссесін жазып, оқуға тапсырған. Жоғары оқу орындары оның талантына тәнті болып, бәрі өзіне шақырды», — деді Қазақстан Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмас Шарман Facebook парақшасында. 

Мұхтар Құл-Мұхамед қызын шетелдік оқуға түсірер кезде Алмас Шарманнан ақыл-кеңес алған. Ол өзінің ойланбастан Гарвардты ұсынғанын айтты.

«Одан кейін Дидар Окфордта оқыды, кейін 125 нобель сыйлығының лауреатын шығарған Кембриджді бітіріп отыр. Қандай оқу орнын бітірсе де біз оған тек бақыт тілейміз. Әңгіме барысында біз Дидардың ортағасырлық Француз әдебиетінен бастап посткеңестік елдердің әдебиеті туралы шексіз біліміне тәнті болдық », — деді ол Facebook-те.

Алмас Шарман мен Мұхтар Құл-Мұхамедтің отбасы Дидардың дипломын Лондондағы Raffles қонақүйінде орналасқан Kioku by Endo атты жапон мейрамханасында атап өткен. Бұл ғимараттың тарихи маңыздылығы — бұрын Черчилльдің әскери кеңсесі болған.

367