Фото: Championat.com
Жеңілістің ащы дәмін татпаған Шавкат Рахмоновтың АҚШ-та жекпе-жекке дайындық өткізу үшін қанша қаржы кететіні белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Naiza тұжырымының президенті Нұрбек Қарабала әлемнің ең үздік тұжырымында өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтың АҚШ-тағы бір айлық оқу-жаттығу жиынына қанша қаржы кететінін айтты.
“Шавкаттың Америкадағы дайындығына қанша қаржы кетіп жатқанын ешкім көріп жатқан жоқ. Оның АҚШ-тағы 10 күндік дайындығы мен ішіп-жеміне 15 мың доллар көлемінде кетеді. Ал бір айға 35-40 мың доллар көлемінде қаржы жұмсалады. Бұл жолының шығынын есептемегенде кететін сомма”, – деді Қарабала.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов Америкадағы Kill Cliff залында, белгілі бапкер Генри Хуфттың қол астында жаттығады.