Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді

Фото: Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (19-0) UFC рейтингінде жартылай орта салмақта ресми түрде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы msports.kz

Отандасымыз ирландиялық Иэн Гэрриді (15-1) жеңгеннен кейін, үшіншіден екінші сатыға жоғарылады. Екінші орында болған Камару Усман (20-4) бір орын төмен сырғыды. Ал Гэрри жетінші орнын сақтап қалды.

Рейтинг көшін Леон Эдвардс (22-4) бастап тұр. Ал бұл салмақтағы чемпиондық белбеу Белал Мұхаммад (24-3) еншісінде. Ол UFC 310 турнирінде Шавкатпен шайқасуы керек болған. Алайда жарақатына байланысты бас тартқан еді.

41