«Шашымды ұзартып, кірпігімді жасатайын»: танымал трансгендер Амилай әскерге баратынын айтты

Фото: Instagram/amilai_vip

Қазақ еліне өзінің жынысын ауыстырып, қызға айналғанымен танымал болған трансгендер Амилай Отан қорғауға аттанбақ. Жынысын ауыстырған «жігітке» әскерге шақырту келген, деп хабарлайды Qazaq.today.

Трансгендердің айтуынша, әскери комиссариаттан телефон арқылы қоңырау шалып, артынан SMS-хабарлама келген.

«Маған хабарласып, «Брат, қай жылғысың деп сұрайды. Мен брат емес, сестрамын деп жауап бердім». Содан трансгендер Амилаймын деп түсіндірдім. Маған паспортымды алып, дүйсенбі күні келуімді айтты», — деді Амилай.

Ал трансгендердің өзі армияға баруға дайындалатынын, бірақ сәнденіп баратынын мәлімдеді.

«Қой, армияға баруға дайындалайын. Шашымды қайтадан ұзартып жасатайын. Кірпігімді жасатайын. Әдемі болып барам. Ол жақта түрлі жігіттер көп, офицерлерді естен тандырайын», — деді трансгендер.

Жынысын ауыстырған трансгендердің жазбасына желі оқырмандары түрлі пікірлер білдірді. Оны қолдап жатқандар да, даттап жатқандар да баршылық.

«Офицерлердің әйелдеріне қиын болды», «Енді әскерге трансгендерлер де шақырылып жатыр, ал сен әлі жүрсің деп айтатын болды ғой», — деп жазды желі қолданушылары.

121