«Шамасы жетпейді-ау»: Мөлдір Әуелбекова оқырманымен сөзге келіп қалды

Әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасында тағы да күйеуге шығуға ниетті екенін жазып, көптің талқысына түсті, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

“Енді, саған күйеуге шығу керек емес, күйеуді алу керек сияқты. Жан-жақты дамып, күшейіп кеттің. Шамасы жетпейді ау…”, — дейді досым Бағылан.Ал мен, менің отбасыма(мен+ұл+қыз) арқасүйер бола алатын мықты ер азаматтың барына әлде де сенемін!, — деді әнші.

Желі қолданушылары Әуелбекованың бұл жазбасына қатысты түрлі пікір қалдырды. Бірі әншіні қолдаса, енді бірі қайта отбас құрудың қажеті жоқ екенін жазды.

«Арқа сүйер азамат тапқанша байдан байға тие бересің бе», «Кездеседі сеніміңіздер арылмаңыз», «Не үшін?», «Әр адам бақытты болуға лайықты», — деді олар. 

Ал Мөлдір болса жаман пікір жазғандарға ренішін білдірді.

«Маған жазған ауыр сөздеріңіз үшін Алланың алдында бір айналарсыз. Өз сөзіңізбен өз қыздарыңызға зиян тигізіп отырғаныңызды көбірек уайымдаңыз. Қыз өсіріп отыр екенсіз. Болашақта басыңызға келгенде маған міндетті түрде жазыңыз», — деп жауап қатты әнші.