Үш жыл аралда жасырынған: 230 мың долларды ұрлаған қыз Грекияда ұсталды

Грекиядағы Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуде жүрген алаяқты ұстады. Polisia.kz Telegram-каналының мәліметінше, қазақстандық қыз үш жыл аралад жасырынп жүрген.

Белгілі болғандай, күдікті 2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.

«Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ