ШҚО-да әскердегі сарбаз өзіне қол жұмсады

Фото: Pixabay 

Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат полр

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметшінің өз-өзіне қол салғаны белгілі.

Ағымдағы жылғы 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид, — деп мәлімдеді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.

Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.