ШҚО-да 30 млн теңге пара алмақ болған экс-прокурор сотталды

Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы көлік прокуроры аса ірі көлемдегі алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Ол көлік компаниясы филиалының директорынан тәркіленген құжаттарды «қайтаруға көмектесемін» деп 30 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды  YK-news.kz-ке сілтеме жасаған Qazaq.today.

2025 жылғы сәуірде Өскемен тұрғыны – көлік компаниясы филиалының директоры – бұрынғы мемлекеттік қызметкерге (прокурорға) оның жүргізушісі арқылы хабарласады. Ол тергеу барысында тәркіленген құжаттарды білмек болған.

Сот материалдарына сәйкес, прокурор бұл іске қатысы болмаса да, «құжаттарды 10 күн ішінде қайтарамын» деп уәде беріп, 30 млн теңге сұраған.

Прокурордың сөзіне күмәнданған жәбірленуші мен жүргізушісі бұл жағдай туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлаған. Арнайы операция барысында прокурор жүргізушісі арқылы 10 миллион теңгені алып, қосымша 20 миллион теңге көлеміндегі жалған ақша муляжын алған. Келесі күні тінту кезінде бұл қаражат тәркіленді.

Өскемен №2 соты экс-прокурорды ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 24-бабы 3-бөлігі бойынша (қызмет бабын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтыққа оқталу) кінәлі деп таныды. Сот шешімімен оған 3 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыруМемлекеттік және квазимемлекеттік қызметтерде өмір бойына қызмет атқаруға тыйым салу жазалары тағайындалды.

Сотталған адам жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейтін болады.

Экс-прокурор кінәсін мойындап, өкініш білдіргенімен, сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.