Бұрынғы сүйіктісін ұрып-соққан Шәріп Серіктің анасы ұлына қолдау білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Актердің анасы адвокат Гүлнар Мұратқызы жеке парақшасында ұлының кінәсіз екенін айтты. Сөзінше, Әлия Бутаева ұлын арандатпақ болған.
“Ол өзінің арам пиғылын алдын-ала жоспарлады. Менің ұлым онымен ара-қатынасын әлдеқашан үзсе де ұлымды аңдыды, артынан қалмады, үйін күзетіп жүрді. Ақырында 8 ақпан күні сол жоспарын іске асырды. Ұлымның пәтеріне баса-көктеп кірген. Сол күнгі бейнежазбаны да тұрғын үй кешенінен алған. Негізінен, ол үйде тұрмайды. Заңсыз қолына түсірген”, – дейді Шәріп Серіктің анасы.
Актердің анасының сөзінше, қоғамды дүрліктірген атышулы бейнежазба екі ай бұрын болған.
“Бетіне шапалақ тисе неліктен сол 8 ақпан күні полиция шақырмады. Экпертиза жасатпады, арызданбады?! Неге 2 ай өткеннен кейін полиция бөліміне менің ұлымды қаралап арызданады? Неліктен полиция бөліміне қасындағылар “осылай айт” деп балама видео жазуға мәжбүрледі?” – дейді анасы.
Сондай-ақ, анасы блогердің екі жыл бойы ұлының табысына күн көргенін жайып салды.
“Ол 2 жыл бойы ұлымды пайдаланды. Оның нақты жұмысы жоқ. Шетелге қандай қаражатпен барып әдемі киім киіп жүр?! Ол танымал болғысы келетінін жиі айтатын. Арманына жетті, танымал болды, оқырман жинап алды. Ел-жұртқа “жалған айтып” жала жауып ұлымды қаралады. Бәріде ұмытылады. Бірақ бір Алла ұмытпайды. Ол жазасыз қалмайды”, – дейді Гүлнар Мұратқызы.