Серік Күдебаев ішкі істер органдарынан шығарылды – ІІМ

Алматы облысы полиция департаметінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ішкі істер органдарынан шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Күдебаев Серік Мырзақұлұлы атқарып отырған лауазымынан босатылып, Ішкі істер органдарынан шығарылды», – делінген ведомствоның таратқан ақпаратында.

Қаңтар оқиғасынан кейін Күдебаевтың орнына Арыстанғани Заппаров тағайындалды. ІІМ тәртіптік комиссиясы төтенше жағдай режимі кезінде Алматы облысы бойынша полиция департаменті басшылығының өз міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қызметтік тергеу материалдарын қараған. Нәтижесінде Алматы облысы ПД бастығының орынбасалары мен Талдықорған қалалық ПБ басшысы қызметінен босатылған еді. Одан бөлек екі полиция департаменті мен ҰҚК-нің Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша департаментінің басшыларына қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланған еді.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here