Танымал әнші Серік Ибрагимовтың әйелі, блогер Айнамкөз Абдимаева тойда үнді биін билеп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. Блогер келіншек бала күнінде би үйірмесіне қатысқанын айтты.
“Сюрприз! 15 жыл үзілістен кейін сахнаға шығуым. Жақындарымнан ешкім білген жоқ. Тек 2-3 адамға айттым. Өйткені жоспар құру керек болды. Құрбыма рақмет! Екеуміз тығылып жүріп, 3-4 рет 2 сағаттан кездесіп, репетицияға барып жүрдік. Көбі шок болды. Өйткені биші болғанымды естігенімен, билегенімді көрмеген. Тіпті жолдасым Серік те бірінші рет көріп тұр. Тосынсый орындалды! Анам жылап қалды,” – деп жазды блогер.
Серік Ибрагимов әйелі Айнамкөздің өнеріне таң қалып, көпшілікпен бірге тамсанып отырды. “Қатты таңғалып, шок болып отырмын. Хамза да “Мынау менің анам ба?” деп сұрап жүр,” – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Айнамкөздің өнеріне жоғары баға беріп, үлкен сахнада өнер көрсетуін тіледі. “Керемет қимыл, үйлесімді қойылым болыпты”, “Үш баласы бар келіншек деп айтпайсың”, “Анаңызды қатты құшақтағанда жыладым”, “Серіктің реакциясын түсіріп алу керек еді,” – деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, бұған дейін Серік Ибрагимов «Табысымның бәрін әйелім ұстайды» деп ақшаға қатысты ойын айтқан болатын.