«Сенен бас тартпаймын»: 12 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған педофил ұсталды (ВИДЕО)

Жаңа адамдар 12 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған педофилді ұстады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жаңа адамдардың «124» азаматтық науқанының белсенділері әлеуметтік эксперимент жүргізді. Кәмелет жасына толған белсенді танымал мессенджерде профиль құрып, жасын 12 деп белгіледі. Кішкентай қыз бірден бірнеше жаңа таныстар тапты. Олар баланың жасынан қысылмады. Бар-жоғы бірнеше сағат ішінде әлеуетті азғындар белсеніп, пасық ұсыныстарын жаза бастады. Ең табандысы өзін «Нариман» деп таныстырған жас жігіт болды. Ол балаға жыныстық қатынасты ашық түрде ұсына бастады. Қыздың абдырап, бұл не деген сауалына Нариман: «Сен төсекке жатасың, қалғанын сол кезде көрсетемін», – деп жауап берді. Жас мәселесі педофилді алаңдатпады да. Хабарламада ол: «Мен жай ғана жыныстық қатынасқа түссем болғаны, тіпті сен 2 айлық болсаң да, сенен бас тартпаймын», — деді.

Әлеуетті азғын Астана қаласының тұрғыны 24 жастағы Нариман Б. болып шықты. Нариман бірнеше күн бойы өз дегенінен қайтпай, кездесуді ұсынды. «124» белсенділері оған бұл кездесуді ұйымдастырып берді. Педофил кинорумда кездесуді шешті. Алайда, оны көруге 12 жасар баланың орнына бірнеше ондаған Жаңа адамдар белсенділері келді. Педофил «қарабет дәлізінен» өтуге мәжбүр болды, ал қоғамдық жаза ретінде кеңінен танымал резеңке бұйым астында қалды.

Белсенділердің орнында шын кішкентай бала болса, не болатынын елестетудің өзі қорқынышты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 124-бап – «Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру» туралы қамтиды. «124» азаматтық науқанының белсенділері балалардың қауіпсіздігі үшін әлеуетті педофилдерді анықтап, олардың есімдерін жария етуді жалғастырады. Кез келген азғын кездесуге көндіретін баланың орнына резеңке бұйымдары бар, оның бетіне басуға қауқарлы, шымыр жігіттер келуі мүмкін екенін жақсылап есте сақтауы керек.

64