«Сен – шіріген шовиниссің!» : Досхан Жолжақсынов Кеосаянға жауап берді (ВИДЕО)

Кино және театр актері, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов елімізде Жеңіс күніне орай әскери парадтың болмауына байланысты Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына араласып, аузына келгенін айтқан ресейлік журналист Тигран Кеосаянға жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.

Ол өзінің жауабын видеоға түсіріп, Кеосаянның мәлімдемесін сынға алды.

 

«Тигран Кеосаян, сен өзіңе айнаға бір қарап көр. Менің ойымша, сен өзіңе көп алып отырсың. Біріншіден, сен Ресей емессің. Екіншіден, сен мықты болсаң, билікке өз ойыңды айтып көр. Ал менің еліме тиіспе. Мен саған халқымның мыңжылдық тарихын, адамзаттың мәдени-рухани өмірінде қалдырған ізін айтқым келмейді. Сен Капеляр емессің. Сен Джигарханян емессің. Сен – шіріген шовиниссің! Сен ұлтаралық араздықты қоздырушысың! Мен сені Донецк пен Луганскідегі майдан шебінде көргім келіп еді. Бірақ, Ресейдің өзі сен сияқты жағымпаздарға мұқтаж емес. Егер сен тағы да осындай Комеди клабта үніңді шығаратын болсаң, Симоньянмен ақылдасып көр. Ол сенен гөрі ақылдырақ.

Ұлы Попазян: «Егер адам ырылдап, ақылынан адасса ол псих немесе жынды», – деген болатын. Сондықтан сен олай ырылдама. Әйтпесе, кіндігіңнен жоғары тұра алмайсың», – деді Досхан Жолжақсынов.

Қазір ел ішінде қазақтың қоғам қайраткерінің бұл мәлімдемесін қолдап, желіде пікір қалдырып жатқандар көбейіп жатыр.

Соңғы

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы да ұзартылды

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, - деп жазды Ақорда. Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here