«Сен үшін жаралғандаймын»: Танымал әндердің авторы жұмыссыз күнелтіп жүргенін айтты (ВИДЕО)

Фото: youtube.com/@ktk.tv

Мейрамбек Бесбаев, «Жігер» тобының солисі Болатбек Досыбаевтың орындауындағы танымал әндердің авторы Біржан Асқаров бүгінде күнкөріс үшін қара жұмыс істеп жүр. 15 жасынан бастап ән жазумен айналыстым деген автор әйгілі әндері үшін гонорар да алмайтынын айтады. Бұл туралы ол «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтты.

Жамбыл облысы Талас ауданының тумасы Біржан Асқаров бүгінде Алматы қаласында тұрып жатқанын айтады. Оның сөзінше, тұрақты жұмысы жоқ әрі өзінің танымал әндері үшін ол еш гонорар алмайды. Ал сазгердің жазған әндерін Мейрамбек Беспаев, Талғат Жорабаев, Болатбек Досыбаев сынды орындауында халық жақсы таниды. Ол өзінің жағдайын бағдарлама барысында айтып берді.

«15 жасымда алғашқы жазған әнім «Сағыныш сазы», 90 жылдары жазғанмын. 2008 жылы Мейрамбек Беспаев орындауындағы «Түнгі сыр», «Сен үшін жаралғандаймын әндерін жаздым. Түркістандық Бағлан Омаров деген композитор кісі бар. Сол кісі арқылы студиясына тастап кеткенмін. Мейрамбек Беспаев сол студиядан тыңдап көріп, алыпты орындауына. Сол студиядан, рұқсат сұрап алды. Гонорар төледі. 1000 доллар берді екі әнге. Нотаға түсіру үшін ақшам болмады, өзім нота білмеймін.

Авторлық құқықты иелену үшін тек мәтіндерін апарып, үш-төрт әннің нотасын жоқтан бар жасап, тіркегенім бар. Мейрамбек Бесбаев сөзін ауыстырайық деп рұқсат сұрады, сөзін Серікзат Дүйсенғазин сөзін ауыстырып берді. Ол кісімен бетпе-бет таныспағанмын, тек сырттай білемін. Болатбек Досаев «Жігер» тобының әншісі «Арайлым» әнін алған», — дейді ол.

Бүгінде сазгер әндеріне гонорар алып, жазған әндері қағаз бетінен ел жүрегіне орын тапса деп тілейді.