Семейдегі көше тақтайшасында Сәкен Сейфуллиннің есімі қате жазылған

Семейдегі Сәкен Сейфуллиннің есімі берілген көше тақтайшасында жазуышының аты-жөнінде қате кеткен. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тақтайшаны жаңартқанда ақынның тегінде “л” әрпі түсіп қалған. Жауапты тұлғалар олқылықты дереу жоюға уәде берді. Мердігер мекеме тақтайшалардың бәрін ауыстыратын болды.

“Қателік байқаусызда болды. Жіберілген қатені түзеп, Сейфуллин көшесіне қайтадан тақтайша ілеміз. Конкурс ұтып алған мердігер ұйым қалпына келтіреді”, – деді Семей ТКШ бөлімінің маманы Қанатжан Жылқыбаева.

Фото: КТК

16