Семейде 1000-нан астам тұрғын түні бойы іздеген 7 жасар бала үйінен 7 км жерден табылды. Бала орманнан табылған.
«Жоғалған бала үйінен шамамен 10 шақырым қашықтықтағы орманнан табылды. Оны Затон полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тапты. Қиын жағдайға қарамастан, полиция қызметкерлері іздеуді бір сәтке де тоқтатпады», — делінген ПД хабарламасында.