Семейде қарғалар балабақша маңында адамдарға шабуыл жасаған

Семейде ТЖМ қызметкерлері балалар мен олардың ата-аналарын қарғалардың шабуылынан құтқарды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Қарғалар жерге құлап кеткен балапанын қорғапты.

«Онда қарғаның балапаны бар ұя жеке балабақшаның кіреберісіне құлаған. Ал қарғалар оны қорғау үшін мектепке дейінгі балалар мекемесіне келгендердің барлығына шабуыл жасады», – делінген хабарламада.