Семейде 500 мың теңгеге диплом сатқан алаяқ ұсталды

Семей қаласында диплом сатамын деген сылтаумен алаяқтық жасаған жағдай анықталды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы.

49 жастағы жергілікті тұрғын 28 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, оған медициналық колледждің дипломын сатамын деп уәде берген. Осы уәдемен ол жәбірленушіден 500 000 теңге алып, қаражатты жұмсап жіберген.

Жәбірленуші ақшасыз да, құжатсыз да қалды, ал күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады.