«Сауда соғысы»: Трамп Қытайға баж салығын 104%-дан 125%-ға бірақ көтерді

Әлемнің екі алып елінің өзара сауда соғысы шарықтау шегіне жетті. Дональд Трамп АҚШ-қа  Қытайдан келетін тауарларға салынатын сауда баж салығын 104-тен 125%-ға дейін көтеретінін мәлімдеді.

Басқа елдерге импортқа 10 пайыздық баж салығы үш айға енгізілмек, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Трапм тағыда ондаған елдің сауда экономикалық жағдайын қиындатпақ. Айтуынша, сексенге жуық ел АҚШ-тан тарифтер бойынша келіссөздер жүргізуді сұраған. Алайда қымбат тарифтерді енгізу 90 күнге қолданылатынын айтты.

«Қытайдың жаһандық нарықтарды құрметтемеуіне жауап ретінде мен АҚШ-тың Қытайға салатын баж салығын 125%-ға дейін көтеріп жатырмын, ол дереу күшіне енеді. Жақын арада Қытай АҚШ пен басқа елдерді тұқыртуға болмайтынын түсінеді деп үміттенемін», — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Ресми Пекин АҚШ-тың озбырлы сауда саясатына жауап ретінде «соңына дейін күресетінін» айтып, жауап ретінде америкалық тауарларға 34 пайыздық тариф енгізді, ал сәрсенбіде Қытайдың Қаржы министрлігі АҚШ-тан импортталатын барлық тауарға қосымша 84 пайыздық баж салығын жариялады. Олар 10 сәуірден бастап күшіне енеді. Екі державаның қырғи қабақ соғысы әзірге тек сауда саласында ғана жалғасып жатыр.