Сәтбаевта сәлафизмнің дамуына Назарбаев мүдделі болып, Сатыбалды қамқорлық жасады – экс-әкім (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласының бұрынғы әкімі Әнуар Омаров Сәтбаевта сәлафиттердің ең жоғары саяси элита арасында қамқоршылары болды деп мәлімдеді. Бұл туралы «Сұрауы бар» YouTube арнасында жарияланған «Сәтбаев: мыс, миссионерлер және діни экстремизм» шағын деректі фильмінде айтылады.

Олардың Қазақстанға келіп, қоғамымызға сіңіп кетуіне сол кездегі президенттің өзі мүдделі болды ма деп ойлаймын. Назарбаевтың мүдделі болғандығы, оған Қайрат Сатыбалдының қамқорлық жасауы, мүмкін енді басшылық жасауы деп айтуға болатын шығар, – дейді Сатбаев қаласын 2013-2016 жылдары басқарған экс-әкім Әнуар Омаров.

Сондай-ақ Ұлытау ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы, әрі Сәтбаевтың бүрынғы әкімі діни ағым өкілдері күштік құрылым қатарында да уағыз жүргізгенін айтады.

Олар бір шеті ҰҚК-ге барып уағыз айтуға дейін қол жеткізді ғой мысал үшін. Егер сол жерде Қайрат Сатыбалды басшы болып тұрмаса, олар оны істей алар ма еді? – дейді ол.

Бұрынғы шенеунік қазба байлыққа бай Ұлытау өңірінде теріс діни идеологияның таралуы мақсатты түрде жүргізілген саясат деп отыр.

«Жалпы халықты бұйығы болса екен, ешқандай да сұрақ, талап қоймаса деп ойлау – қай уақытта да билікке тән нәрсе. Сәлафизм сияқты радикалды бағыттардың өркениет, ғылым, технологияның жетістіктерін мемлекетті дамытуға қолдану деген сияқты нәрселерден бұрып алып кететіні белгілі ғой. Сонда саналы түрде қасақана жасады деп айтуға болатын шығар», – дейді Әнуар Омаров.

Сұхбаттың толық нұсқасы видеода.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here