Сарыағаш тұрғыны кәмелетке толмаған ұл баланы зорлады деген күдікпен ұсталды

Сарыағаш ауданында тағы да жантүршігерлік жағдай орын алды. Ауыл тұрғыны кәмелет жасына толмаған ер балаға зорлық-зомбылық көрсеткен деген күдікке ілінді. Бұл туралы құқық қорғаушыларға баланың анасы хабарлап, арызданған. Ал аудандық білім бөлімі жәбірленушінің оқушы екенін растап отыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

«Бұл жағдайға байланысты Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі анықтау жұмыстарына бірден кірісті. Оқушы Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде оқитыны белгілі болды. Оның сабаққа бару кестесі 09:00-14:00ге дейін. Оқиға мектептен тыс уақытта орын алған. Мектеп қабырғасында немесе сабақ уақытысында болмаған. Қазір мамандар жергілікті полиция бөлімімен бірлесе жұмыс атқаруда.Қазіргі таңда жәбірленуші өзінің тұрғылықты мекен жайында, психологиялық ахуалы тұрақты және мектеп психологтарының бақылауында», – деп көрсетті Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі.

Кәмелетке толмаған баланың анасы Сарыағаш АПБ-ға 12 қыркүйек күні арызданған. Оқиға орнына Сарыағаш АПБ-нің басшылығы, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ прокуратура өкілдері барған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді.

«Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер, күдіктінің жеке басын анықтап, аталмыш жас жігітті ұстады. Ол Сарыағаш АПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Түркістан облысы полиция басқармасы.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here