Фото: elordainfo
Ақтау қаласындағы әскери бөлімде сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери қызметші сотталды. Бұл туралы Бас әскери прокурордың орынбасары Талғат Бекбергенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы inbusiness.kz — ке сілтеме жасап.
Оның сөзінше, мерзімді әскери қызметші билігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.
«Әскери сот мерзімді қызметтің екі сарбазына темекі тұқылын жегізіп, күш қолданған үшінші сыныпты сержантқа билігін асыра пайдаланғаны үшін екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Ауыр салдардың болмауына және сотталушының жеке қасиетін ескерсек, оған тағайындалған жаза түзелуіне жеткілікті», — деді Талғат Бекбергенов.