Сарапшы: «9-мамыр? Бұл – біздің соғыс емес»

9-мамыр туралы.

Егер Ресейдің өзі бүлдірмегенде 9-мамыр әлі де болса ұзаақ уақыт тойлана берер ме еді қайтер еді?.. Менің ойымша осы мереке енді бұдан былай бұрынғы қарқында тойлана бермейді, оған бірнеше себептер бар. Ең алдымен мен сіздерге Руслан Тусупбековтің «Не наша победа» деген постысын оқуға кеңес беремін, онда ол бұл біздің соғыс емес еді дегенді жете түсіндіреді. Расында да бұл біздің соғыс емес, біздің жеңіс емес. Біз бұл соғысқа еріксіз қатыстық. Қазіргі буряттар мен дағыстандықтар сияқты босқа қырылдық. Ресейде тұратын қазақтар да Украинада босқа өліп жатыр, олардың саны аз емес. Енді бұрынғыдай болмайтын себебіне келейік.

1) Алдымен Ресейдің өзі бастады, бұл соғыста жеңіске жеткен тек қана Ресей деді, басқа елдердің еңбектерін жоққа шығарды.

2) Жеңіс күнін үлкен шоуға айналдырды. Соғыстан кейін 20 жыл бойына бұл күн тіпті тойланбай келіпті, тек 1965 жылдан бастап қана мерекеге айналған. Соңғы жылдары тіпті қарқын алып, әскери парадтар өткізіліп, онда жаңа соғыс техникалары көрсетіліп, ол әлем елдерін сескенту құралына айналған. Мұның шын соғыс ардагерлерін еске алуға мүлдем қатысы жоқ, нағыз саясат құралына айналғанын көрсетеді.

3) Путин келгелі «Бессмертный полк» деген шықты. Былайынша дұрыс сияқты болып көрінгенмен де бұл да саяси идеологиялық жұмыстың бір түрі. Қауіпті түрі. Өйткені әркімнің үйінде соғысқа қатысқандар бар, сондықтан бас тарту қиын, алайда оның шын ардагерлерді еске алуға еш қатысы жоқ. Осымен бірге шыққан «Можем повторить», «На Берлин», т.с.с. сөздер де соғысқұмарлық экстазды күшейту мақсатында ойлап табылған. Ол неміс халқының ар-намысын қорлау екендігінде ешкімнің жұмысы жоқ, орекеңдердің адамгершілікке жатпайтын осы қылығы, өкінішке орай, қазақ халқына да жұға бастады. Ондай қасиет бұрын біздің менталитетімізде жоқ еді.

4) Екінші д/ж соғыстан (1939-1945 жылдар) СССР-ге шабуыл жасалған бөлігі ғана бөлініп алынып ол Ұлы Отан соғысы деп аталды (1941-1945). Мақсаты – Еуропа елдерінің фашизмге қарсы күресін мойындамау, олардың оған дейінгі еңбегін елемеу және СССР-дің фин соғысында жеңілгенін бүркемелеу, жасырып қалу, Прибалтика елдері мен Польшаны жаулап алуды көрсетпеу.

Осындай басты-басты себептерге байланысты бұл күн мереке болмауы тиіс. Соңғы жылдары мұны көптеген қазақстандықтар да түсіне бастады. Сондықтан да «Бессмертный полк» тек қана Алматыда өтті, басқа қалаларда тоқтады. Сондай-ақ салют ату да біртіндеп тоқтады. Солай болуға тиіс еді, біртіндеп болып келе жатыр. Ойланбастан экспромтом жаздым, сондықтан кемшіліктері болуы мүмкін. Ондай болып жатса артынан толықтырармын.

Қуаныш Еділханов, facebook парақшасынан

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here