Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«БАҚ-тың көптеген сауалдарына жауап ретінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызының ауруханада емделіп жатқанын хабарлаймын. Оның өлімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», — делінген хабарламада.