Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдарын сатумен айналысқан Семей тұрғыны ұсталды

Семей қаласының тұрғыны Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдарын заңсыз сатумен айналысқан, деп хабарлады Qazaq.today Halyq Uni -не сілтеме жасап. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады.

 

Тінту барысында аң стилінде орындалған, Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Qazaq.today