«Сандырақтап отыр»: Әнші Qanay-дың сұхбаты желіде дау тудырды (ВИДЕО)

Әнші Qanay Арман Жаналиевке берген сұхбатында оғаш қылық көрсетіп көпшілікке жақпай қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Әншінің әзілкешке берген жауабы көптің көңілінен шықпаған. Әйелімен қалай танысқанын және өзінің отбасы туралы айтқан ол сұхбат барысында кекіреді.

«Бір-бірімізді енді танып жатырмыз. Үйленгенге дейін танысып, кездесуге шақырып, сүйісіп, сорысып… Бір бөлмелі үйім бар. Үш бөлмелі алып әке-шешемді Алматыға көшіру керек. Туған ағам 1991 жылғы, вахтада жұмыс істейді. Үйленген, зорланған. Мама қыздар сатады», — деді ол күлкісін тия алмай.

Мұны тыңдаған желі қолданушылары Нұрболаттың шегіп алғанын жарыса жазды.

«Ішіп алған адам құсап неге қуып отыр», «Жындыханадан сұрап алғансыңдар ма», «Тойып алған ғой», «Жай шексең болмай ма», «Алла сақтасын», «Біздің қоғамның жеткен жетістігі. Форматы әзілге арналған деп сандырақтап қуып отыр», «Тексіздік, арсыздық», — деді олар.