«Салтты бұрмалады»: Бекболат Тілеухан Алматыда сәбиді қырқынан шығарды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Бекболат Тілеухан Алматыда той тойлап жүр. Оны психолог, көпбалалы ана Нұргүл Даубаева шақырған. Экс-депутат Бекболат Тілеухан кішкентай сәбиді қырқынан шығарды.

«Алланың бұйыртқаны, Алматыда Асанәлінің қырық күнге толған маңызды күнінде кіндік әке-кіндік анасы Бекболат ағамыз бен Кенже әпкем қарын шашын, тырнағын алып, бір үлкен іс атқарды», — деп жазды 7 баланың анасы Нұргүл Даубаева.

Бекболат Тілеуханның өзі сәбидің шашын қиып, тырнағын алған. Бірақ негізінен әйелдер қатысыатын рәсімге Бекболаттың қатысқанын оқырмандар түсінбей қалды. Экс-депутат сәбиге азан шақырып, оған «Асанәлі» деп қойып берді.

«О заман да, бұ заман, еркек қырқынан шығарғанды бірінші рет көріп тұрмын. Еркек, ер адам қырқынан шығармайды ғой. Күннен-күнге неше түрліні шығарады. Бекболат жұмыс ауыстырған ба, бір күні әйелдерді босандырып жүрсе, таңғалмаймын. Салтты бекер бұрмалады. Кіндік атасы дегені несі, неше түрліні шығң. арады. Қошеметке лайықты адам тапқан екенсіңдер», — деп жазды оқырмандар. 

 

 

47