Фото: Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі
Ташкент облысының Янгиюль қаласындағы ауданаралық перинаталдық орталықта салмағы 7 келіден асатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Анасы мен қызы дәрігерлердің бақылауында.
Анасы сәбиін кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелген. Нәресте отбасындағы – төртінші бала.