Бүгін Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депуттаттарының сайлауы кезеңінде Жетісу облысында 23 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 13 сәби талдықорғандық. Олардың 18-і ұл, 5-і қыз бала. Бұл туралы облыстық перинаталдық орталық басшысы Қанат Жұмашев мәлімдеді.
Дәрігерлер сайлау күні өмір есігін ашқан нәрестелер мен олардың аналарының қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты.
«Қазіргі уақытта жаңа туған нәрестелердің жағдайлары жақсы. Перзантхана қызметкерлері сәбилердің және аналарының денсаулығына аса мән беруде. Тәулік соңына дейін жаңа туған сәбилердің қатары тағы өсуі мүмкін. Әлі де жедел жәрдеммен келіп жатқан болашақ аналар бар. Олардың да Қазақстан азаматтарын дүниеге аман-есен әкелуі үшін бар мүмкіндікті жасаймыз», — дейді Қанат Жұмашев.
Қазіргі уақытта Жетісу облысында 698 мың тұрғын бар. Соның ішінде Талдықорған қаласында 201 мың адам өмір сүріп жатыр.