«Олигархтардың мүддесін қорғау»: белгілі заңгер Тоқаевқа үндеу жасады (видео)

Белгілі заңгер, адвокат Бақытжан Базарбек Алматы қаласы «Рахат» базарындағы заңсыздықтар туралы президент Тоқаевқа үндеу жасады. Бұл туралы Qazaq.Today басылымы жазды.

Базардағы кәсіпкерлер 2018 жылдан бері әкімдікпен соттасып келеді. 13 рет азаматтық іс қозғалған. Соның ішінде 8 рет талап-арыз, 6 рет аппеляциялық шағым түсірілген. 3 азаматтық істе іс тоқтатылып, қайтарып жіберілген. Жоғары сотқа екі кассациялық шағым берілген.

Қалалық салық комитетінде тіркелген жеке кәсіпкерлер осы күнге дейін әртүрлі қоқан-лоқының бәрін көріп келе жатқанын айтады. Соңғы кезде тіпті жарықты қиып, жылуды өшіріп, канализацияны бітеп тастаған.

Іс Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбекпен тікелей қатысты деген заңгер ол туралы да шындықтың бетін ашты.

«Бұл жерде осы 2019-20 жылға дейін соттасқан кезде әрине бұл істің артында Бауыржан Байбектің өзі тұрғаны ешкімге құпия емес. Себебі бұл жерге тікелей Бауыржан Байбектің өзі мүдделі болды. Және интернет жүйесінде мынау «Алматы СПС-тің» құрылтайшылары, құрылтайшылар мен Бауыржан Байбектің өзара байланыстығы көп азаматтарға құпия емес. Бірақ қазірдің өзінде Бауыржан Байбек әкім емес, бірақ кімнің мүддесі үшін атқарылып жатқан дүние? Соттың шешімін орындамау, кәсіпкерлерді шырылдату, олардық жарықтарын өшіріп тастау, олардың арыздарын мынау жер пайдалану құқығын табыстау, беруге байланысты қарамау іс-әрекеті, Президенттің саясатына қарсы шығу әрекеті кімнің тарапынан болу мүмкін? Әрине, сол Бауыржан Байбектің командасы.

 

  1. Ол командасы Алматы қаласының әкімдігінде. Әкімнің орынбасарлары, қазіргі Ерболат Досаевтың командасындағы әкім орынбасарлары кезінде Бауыржан Байбектің орынбасарлары болды. Ал қазір Жер қатынастары басқармасының басшылары мен орынбасарлары сол Бауыржан Байбектің командасы. Бауыржан Байбектің кезінде жұмыс жасаған.

Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы кім? ашып қарасаңыздар, Бауыржан Байбектің кезінде келген лауазымды тұлғалар. ГАСК басқармасында кімдер? Бауыржан Байбектің кезінде тағайындалған лауазымды тұлғалар. Сонда да сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік, бас прокуратура тікелей осы кісілірмен ілінісуі тиіс» дейді заңгер.

Заңгерлер мен кәсіпкерлердің сөзінше Жетісу ауданы әкімдігінің қысымымен базар элоктор жарығынан, судан ажыратылған. 8-9 ай генератормен отырған саудагерлер тек дизель отыны үшін 12 миллион теңге шығындалған. Қолдан жасалған кедергілердің кесірінен салық төлеуші кәсіпкерлер қиындықтың түр-түрін көріп келеді. Ашулы халық күн сайын митингіге шығау туралы өтініш жолдаудан жалыққан емес. Президенттің сайлауалды бағдарламасында шағын және орта бизнесті қорғау, шенеуніктердің кәсіпкерлік ісіне араласуына болмайтыны да анық айтылған. Бірақ Президент тапсырмасының құны мүдделі топ үшін түкке тұрмайды деп отыр кәсіпкерлер.

«2022 жылдың 25 қаңтарында Алматы қалалық соты Бауыржан Байбектің 2019 жылы шығарған қаулысын заңсыз деп таныды. Сот «Алматы CPS-ке» берілген уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын және сол қаулыны заңсыз деп таныды. Осы соттың шешімін алу үшін үш жылға жуық соттасуға тура келді. Енді Алматы қалалық сотының шешімі шыққаннан кейін енді біздің ойымыз бойынша бәрі орнына келеді, «ТКМ» ЖШС «Рахат» базарына заңды түрде құқығын алады деп сендік. Бірақ, өкінішке орай проблема сол күйінде қалды. Әсіресе бұл жерде ең өкініштісі соттың шешімінің орындалмауы. Сәулет және қала құрылысы басқармасына және Жер қатынастары басқармасына тиісті «ТКМ-нің» арызын қабылдап, қарау міндеттелген. Бірақ, өкінішке орай соттың шешімі сол күйінде орындалмай кетті. Жер кодексінің 43-ші бабы бұзылып отыр. Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімі аяқталса, оны кейінгі мерзімін ұзарту мәселесін Жер комиссиясы қарамайды, құзіретіне кірмейді. Оны тікелей әкім қарау керек. Жер кодексінің 37-ші бабын қатаң түрде бұзу. Одан бөлек Жер кодексінің 44/1 бабы бұзылып отыр. Бұл іс бойынша ең ұзаққа созылған сот процесі саналады. 2018-ден бері кәсіпкерлер әкімдікпен соттасып келеді. 13 рет азаматтық іс қозғалды. Соның ішінде 8 рет талап-арыз, 6 рет аппеляциялық шағым бердік. Соның ішінде 3 азаматтық істе іс тоқтатылды, қайтарып жіберді. Жоғары сотқа екі кассациялық шағым бердік. Осы базарда жүздеген кәсіпкер бар. Әр кәсіпкердің отбасында кемінде 4-5 адам бар. Даладан келген кәсіпкер емес, ресми түрде қалалық салық комитетінде тіркелген адамдар. Президентіміз үнемі кәсіпкерлікті қорғау керек дейді. Европаның кез келген мемлекетін қарасаңыздар, ол елдердің экономикасы кіші бизнестің негізінде құрылып жатқан экономика. Франция, Австрия, Германияны алатын болсаңыз, кіші бизнестің алдында мемлекеттік қызметшілер тізерлеп барлық жағдайды жасайды. Ал бізде кіші бизнестің жағдайын жасамақ түгіл, кәдімгідей «өлтіріп», жоққа шығаруға тырысады. Бұл жеке лауазымды тұлғалардың мүддесі, жүйелі түрде заңды бұзу, соттың шешімін орындамау, жүйелі түрде Президенттің саясатына қарсы келу, жүйелі түрде өзге олигархтардың пайдасы үшін заңды белшесінен басу», – деді Бақытжан Базарбек.

Халық жиналып, Жетісу әкімдігінің озбырлығына қарсы митингіге шықпақ. Бірақ қала билігі рұқсат бермей келеді. Заңгерлер ашулы ел сайлау күні дауыс беруге емес, митингіге жиналып кетсе оған жергілікті биліктіғ өзі кінәлі деп санайды.

«2018 жылғы 3 наурызда «ТКМ» ЖШС («Рахат» базары) 0,97 га жер учаскесін жалдау шарты аяқталды. Барлық уақыт бойы «ТКМ» ЖШС осы жер учаскесін заңсыз иемденеді, сондай-ақ кәсіпкерлерден жалдау ақысын жинайды, сонымен қатар «ТКМ» ЖШС АЖК-мен электр энергиясын тұтынуға жалдау шартына ие емес.
Жетісу ауданының әкімі бірқатар кездесулер өткізді, оның барысында кәсіпкерлермен де, көршілес жаңғыртылған базарлардың директорларымен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта барлық жалға алушыларға 3 айға тегін орындар ұсынылды, содан кейін – жақын жерде орналасқан жаңартылған нарықта базарда жеңілдікті бағамен», -деп аудан әкімдігі сырғытпа жауап берді.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here